Күллі әлем көз тіккен Астанаға шетелдік қонақтардың таңданысы шексіз. Бас шаһардағы EXPO қалашығына келген әрбір мейман тек оң пікірлерін жарыса айтып жатыр. Солардың қатарында отандық әуе тасымалы саласына еңбегі сіңген Ллойд Пакстон да бар. Еліміздегі әуе компанияларының халықаралық стандарттарға сай дамуына елеулі септігі тиген британдық маман мамандандырылған көрмені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа бағыттаған жоспарымен теңестірді.

 

ЛЛОЙД ПАКСТОН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

 - Бұл көрмеге келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел болашағына қатысты жоспарымен таныстым деуіме болады. Әркімнің жеке арманы болады. Бірақ оны орындау екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Нұр Әлем» павильонын көріп-ақ таңданысымды жасыра алмадым. Таңғажайып! 15 жыл бұрын Астанада қызмет еткенімде қаланың көркейетініне еш күмән келтірген емес едім. Алайда осыншама тез өзгереді деп ойламаппын.

Астанада болып қайтқан британиялық туристер ЕХРО көрмесін ерекше тебіреніспен еске алады. Олар павильондардың кеңдігі, әрі мәдени бағдарламалардың ауқымдығына байланысты шараға бірнеше күн қатарынан қуана қатысқандарын айтады.

 

ФРАНЧЕСКА БЕНТИВЕНА, ТУРИСТ:

 - Мен ЕХРО-да үш рет болдым. Екі рет павильондарды тамашалау мақсатында, бір рет кешкі ас ішу үшін. Айтпақшы, ол жақтағы мейрамханалар керемет. Жалпы, мен өте жақсы әсер алдым. Бұл маған екі жыл бұрын Миланда өткен және мен қатысқан ЕХРО-ның жалғасы іспеттес болды. Шараны таңғажайып деп бағалауға әбден  болады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте дұрыс таңдалып алынған.  Әсіресе, СиЭнПиСи Қашаған компаниясының павильоны маған өте ұнады. Бұған дейін мұндайды көрен емеспін. Мен сондай-ақ әлемнің және Қазақстанның әр жерінен келген әр түрлі жастағы көрермендерді көрдім. Олар да шараға тәнті болып жатты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер