Ойын баласының ой-өрісін кеңейтуге қажет ақылды жобалар. ЕХРО-2017 көрмесі енді бір қырынан танылды. Халықаралық шара алаңында «Урбанистік әлемдегі балаларға арналған инновациялар» атты хакатон өтті. Халық тығыз қоныстанған шаһарларда жеткіншектерге кеңес беретін танымдық ойындар, мектеп табалдырыңын аттамаған бүлдіршіндерді нақты ғылымдарға баулитын құралдар, апатты жағдайда  көмек көрсетуге арналған қосымшалар. IT саласының бұл жаңашылдықтары еліміздің жас дарындарының өнертабыстары екенін айта кеткен жөн. Болашақ программистер қатарластарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жобаларымен ғана шектелмеген. Ауаның ластануы, қауіпсіздікті күшейту, көлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету сынды түйіткілді мәселелердің шешімін ұсынды.  Үздік жобалар ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай қолдау  табатын болады.

ЮРИЙ ОКСАМИТНЫЙ, БҰҰ ЮНИСЕФ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- 10-12 жоба көпшілікке таныстырылды. Олар көптеген иновациялық жобалардың арасынан іріктелген озық үлгілері. Негізінен балаларды жарақаттан қорғау, сапалы білімге қол жеткізу, қоршаған ортаны қорғау сынды бастамалар.  

ЕРДӘУЛЕТ БЕКОВ,  ЖОБА АВТОРЫ  

- Біз «Қазақша 3D әліппе» атты жобаны жасадық. Мобильді қосымша  бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді тезірек меңгеруіне септесетін болады. Телефон камерасын кітапқа тақағанда бейнелік ақпараттар көрсетіледі. Балалар ондағыны оқумен қатар қызықты картиналарды тамашалау арқылы тіл үйреніп алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер