The Spirit of Tengri халықаралық этникалық музыка фестивалі аясында әлемге танымал композитор Дафер Юссефтің концерті өтті. ЕХРО сахнасында джаз бен электрондық музыканың үйлесімді үндестігі салтанат құрды. Тунистік сазгердің соңғы онжылдықтағы ең инновациялық музыкант атануы да осыдан болар. Юссефтің Орта Азияда кең тараған уд аспабының сүйемелдеуімен орындаған әндері тыңдарман жүрегін тебіренткені анық.

СЕРГЕЙ МАЙБОРОДА, THE SPIRIT OF TENGRI ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

-  Оның дауысы, адамгершілігі, поэзиясы, тунистік аспаптардың ерекше үні – осының бәрі концерт барысында таңқалдырарлық атмосфера қалыптастырады. Бұл жерде музыканттардың асқан шеберлігін ерекше атап өткен жөн.

The Spirit of Tengri халықаралық музыкалық жобасы ұйымдастырылып келе жатқан бес жылда ел аумағында ғана емес, бүкіл әлемге танымал болды.

БАТЫР ҚАЗЫБАЕВ, THE SPIRIT OF TENGRI ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз бастапқыда The Spirit of Tengri фестивалін ел ішіндегі жоба ретінде жоспарлаған болатынбыз. Қазақстан осындай мәдени брендпен әлемге танымал болуы тиіс деп ойладық. Бес жыл бойы атқарған жұмысымыз жемісті болғанына қуаныштымыз.

Еске салсақ, биыл елордада The Spirit of Astana фестивалі open-air форматында «Бәйтерек» монументінің алаңында өткен болатын. Шара барысында Африка, Грузия, АҚШ, Македония және тағы басқа елдердің музыканттары өнер көрсетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер