EXPO-2017 көрмесінде ұлттық мерекелер жалғасып жатыр. Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық күні осы елдің тәуелсіздік алған күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай, салтанатты шара ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл ел табиғатқа етене жақын, әрі жасыл технологияны кеңінен қолданады. Тіпті ыдыс-аяқтарының көбін саздан күйдіріп жасайды. Ал павильоннан күн мен желден қуат алудың сан түрлі әдісін көруге болады. Мұнда саз-балшықтан жасалған пеш те орнатылған. Артықшылығы сол, оған электр қуатын шығындамайды.

КХУРАМ ИКРАМ ПӘКІСТАН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Астанадағы EXPO көрмесінде біз жасыл технология бағытында көп тәжірибе жинаймыз деген үміттемін. Сондықтан, Қазақ еліне осындай айтулы көрмеге қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Пәкістан павилонында қолөнер бұйымдары көптеп қойылған. Оның бәрі таза табиғи өнімдерден жасалған.

EXPO көрмесінің алаңында Үндістан мемлекетінің де ұлттық күні өтті. Салтанатты шараға елдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джейн қатысты. Дәстүрлі концерттен кейін делегациялар екі елдің павильондардын аралады. Үндістан ғимаратында елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктері көрсетілді. Елдегі климат ыстық болғандықтан, күн энергиясы басты тақырып ретінде таңдап алынды.

ҚАДИША ТҰРСЫНБЕК ҮНДІСТАН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бізде ұсынылып отырған халықаралық әуежай. Ол 100 пайыз күн энергиясын пайдаланылатын әлемдегі бірінші әуежай. Оңтүстік батыста орналасқан, Керала ақаласында. Аумақта күн батареялары бар. 2014 жылы ашылды.

EXPO-2017 көрмесі аумағында Фиджи Республикасы да ұлттық күнін атап өтті. 333 аралды қамтыған мемлекет Астанаға өзінің табиғи ресурстардан алынатын минералды суы мен косметикалық өнімдерін әкелген. Тынық Мұхиты плазасында орналасқан шағын ғана павильонды 100 мыңға жуық адам тамашалап үлгеріпті. Фиджи мемлекетінде туризм, балық аулау, орман шаруашылығы мен жасыл технологиялар салалары жақсы дамыған. Мәселен, 800 мың халқы бар елдегі мектептер мен ауруханалар күн батареяларынан қуат алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер