ЕХРО-2017 көрмесі аясында ұлттық өнер ұлықталып, қазақтың саз әлемі  жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келушілерге барынша танытылып жатыр.  Ұлттық өнердің жаршысы, әйгілі Құрманғазы атындағы академиялық оркестр ЕХРО-ның мәдени бағдарламасы аясында 14-ші кешін өткізді.  Халықымыздың ән мен күй маржандары бұл жолы этноауыл мәдени туристік кешенінде төгілді. Жалпы ұлттық аспаптар оркестрі «Қазақ күйінен әлемдік классикаға дейін», «Әлем халықтарының музыкасы» және «Ұлы дала әуендері» атты концерттер топтамасын әзірлеп,  елорда мен шаһар қонақтарына ұсынып отыр.

ЖАНАС БЕКТҰРОВ, ДИРИЖЕР:

- Құрманғазы оркестрінің келуі дүниежүзілік көрмеге деген қосып жатқан үлесіміз деп санаймын. Құрманғазы оркестрі арқылы көптеген шетелден келген меймандар қонақтар біздің қазақ өнерін біліп-кетіп жатыр деп есептеймін.

НАЙДЖЕН ЭСТО, ТУРИСТ /КАРИБ АРАЛДАРЫ/:

- Қазақстанға аяқ басқалы таңқалумен келемін. Мұндай сулу астанасы мен  қонақжай халқы бар бақытты ел. Енді міне ұлттық өнерімен де танысып алдым. Оркестрдің шеберлігіне тәнтімін. Дәстүрлі халық аспаптарының үні мен әншілердің керемет даусы бойымды баурап алды. Бұл менің Қазақстанға жасаған соңғы саяхатым болмайтынына сенімдімін.  

Ұлттық өнерді дәріптеп, әлемге насихаттап жүрген оркестрдің 83 жылдық тарихы бар. Репертуарлық қорында 4000-нан аса туынды жинақталған. Ұжым халықтық, отандық сазгерлер мен қатар әлемнің классик композиторларының  шығармаларын орындайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер