Елордада джаз майталмандары тоғысты. Дәстүрлі және заманауи музыкалық әуендер сабақтасқан алғашқы фестиваль ЕХРО-2017 көрмесі кешенінде салтанат құрды. Әлемге танылып үлгерген онға тарта жұлдызды топ классикалық шығармалар мен бірегей авторлық композицияларын орындады. Үш күндік концерттер топтамасының шымылдығын Германия елінің әйгілі EAST DRIVE ұжымы аштты. Фестиваль аясында АҚШ-тың атақты барабаншысы Били Кобэм де тыңдарманды төл өнерінен тәнтті етті. Сондай-ақ, өзге де аспаптарда джаз музыкасын асқан шеберлікпен орындайтын өнерпаздар шараның көркін аша білді. Әр концерттің соңғы бөлімінде түрлі елдерден келген музыканттар бірігіп көпшілікке жақсы таныс әуендерді ойнап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. 

ГЕОРГИЙ КЕЛЬПЕР, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

- ЕХРО көрмесінің мәдени бағдарламасы ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Өнер сүйер қауымның кез-келгенінің  талғамына сай шаралар ұйымдастырылып жатыр. Біз бұл байқауға әлемнің нағыз майталман орындаушыларын жинауға тырыстық. Түрлі жанрлар мен мектептерді бір сахнаға тоғыстырдық. Осылайша, шығармашылық пен музыка энергиясы баламалы қуат көздерінің бірі екенін көпшілікке іс жүзінде танытпақ болдық.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер