ЕХРО көрмесіндегі Түркия павильонына қош келдіңіз. Әлем елдері қарапайым дүние деп мән бермеген пайдалы қазбалар бұл жерде кеңінен насихатталуда. Мұнысы бекер емес. Әлемде шығарылатын 90 түрлі осындай миниралдың 77 Түркияда өндіріледі. Ал ол құрылыс, медицинамен қатар, көрменің тақырыбы энергетикада да қолданылуда.

Жер энергиясының желісі. Адамзат өмірі үшін аса үлкен маңызға ие осы бір картаны сонау 16 ғасырда қандай да бір технология, не компьютердің көмегінсіз түрік теңіз саяхатшысы Пири Рейс жасап шыққан екен. Ол өз еңбегінде ауа мен теңіздің ағынын нақтылы көрсетіп берген. Бүгінгі ғалымдар оны энергия өндіруде қолдануға болады деп есептейді.

Ал келесі бөлім балаларға арналған. Қуат ресурстарын үнемдеудің маңыздылығы кішкентайларға қызықты ойын жолымен жете түсіндіріледі.

Адамның өзі – энергия. Түркия павильонына келген әр адам осыған көз жеткізе алады.

АЙША ОРАЗЫМБЕКОВА, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Осы жерде тепловизор орналасқан. Қонақтарымыз өздерінің термалдық энергия мөлшерін көре алады. Қызыл түс неғұрлым қанық болса энергия коп дегенді білдіреді.

Бұл - қазір жұмыс істеп тұрған геотермалды станцияның көшірмесі. Нысан жердің қуаты арқылы 80 мВт электр энергиясын  өндіруге арналған.

ҮМІТ АЙТБАЙ, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Түркия павильонының негізгі тақырыбы «Энергия» орталығы болып табылады. Жалпы ауданы 1000 шаршы метр. Алты бөлім бар, 25 экспонат алып келінген. Қазіргі уақытта Түркияда 18,5 пайызы таза энергияны қолданып отыр. 2020 жылы  30 пайызға жоғарылатамыз деген мақсатта.

Қазір іске асырылып жатқан тағы бір алып жоба – жаңа әуежайдың құрылысы. Ғимарат жылына 200 млн жолаушыға лайықталған. Басты жаңалық осы құрылысты жүргізу кезінде қолданылатын шыныларында. Шыны қабаттарының арасына газ толтырылатындықтан, ол ыстықты да, суықты да өткізбейді. Мұндай терезелердің тиімділігі әдеттегі үлгісімен салыстырғанда елу пайызға жоғары, дейді мамандар. Ыстамбұл әуежайының қабырғалары мен шатырына осындай шыны орнатылды. Оның қуат үнемдегіш қасиетіне павильонда көз жеткізуге болады. Бірінші шыны біз қолданып жүрген әдеттегісі. Жылуды да, суықты да сыртқа көп мөлшерде шығарады. Екіншісі әуежай құрылысында пайдаланылатын түрі.

Түркия қайта жаңартылатын қуат көздерін дамытуға қыруар қаржы бөліп отыр. Өткен жылдың өзінде бұл салаға 1,5 млн доллар бағытталған.

Түркия павильонын күнделікті 9 мыңға дейін, ал демалыс күндері 15 мыңнан аса адам келіп тамашалайды екен.

БАЛАУСА ҚҰРАЛОВА КӨРМЕ ҚОНАҒЫ:

- Маған Түркия павильоны өте ұнап жатыр. Қуанып жатырмыз көріп. Біздің елде өздерінің жобаларын көрсеткенге өте қуаныштымыз. EXPO жалпы көңілімізден шығып жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер