Жарысқа әлемнің 11 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы келді. «А» тобында Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия мен Тәжікстан өнер көрсетсе, отандастарымыз «В» тобында Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай және Ауғанстан құрамаларымен тайталасады, деп хабарлайды Хабар24.

Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі бойынша Тәжікстан көкпаршылары Өзбекстанды 3:0 есебімен жеңді. Ал түркиялық қандастар АҚШ-ты 7:1 есебімен тас-талқан ұтты. Қазақстан құрамасының жігіттері Ауғанстан шабандоздарынан айқын басым түсті. Есеп – 9:2. Ал байрақты бәсекенің жүлде қоры – 18 млн теңге.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті: 

- Әлемнің назары Астанадағы ЕХРО-ға ауып тұр. Әлемнің 11 мемлекетінен спортшылар келді. Барлығын жақсылап қарсы алудамыз. «Қазанат» атшабарында таңғы 09:00-ден 21:00-ге дейін қызықты бәсекелер өтіп жатыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер