Қазыналы қазақ елінің болмысы, испандық іңкәрлік пен орыс халқының кең құлашты би өнерінің өрнектері. Елордада  ЕХРО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің ұлттық билері салтанат құрды. Қазақстанның «Салтанат» ансамблі шекара талғамайтын би тілі арқылы халықаралық шараның көркін аша түсті. Бүгінде шығармашыл ұжым астаналықтар мен қала қонақтарына көркем бейнелерді орындау шеберлігінің шынайы табиғатын танытатын 10 шақты концерт беріп үлгеріпті. Әлем мәдениетінің бай  фольклорын мың бұрала жандандырып жүрген сахна саңлақтары әр бағдарламада репертуарларының алтын қорындағы брін-бірі қайталамайтын үздік хореографиялық қойылымдарын сайлап әкеліпті.

ДЕНИС ВИТЧЕНКО, «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

- ЕХРО көрмесіне біз әлем халықтарының билерін алып келдік.Осы бағдарламада қазақ билері бар, тұрмыстық билер бар. Астана қонақтары мен тұрғындарына көрсетіп жатырмыз. Биыл жоспарда ЕХРО. Ашылдық енді жабу қалды. Келесі жылы Америка, Қытай, Корея елдеріне барамыз.

Айта кетерлігі, «Салтанат» ансамблі – көп ұлтты Қазақстан халқының дәстүрлі билерін алыс және жақын шет мемлекеттерде танытып, насихаттап жүрген бірегей ұжым. 60 жылдан астам тарихы бар өнер ошағының қорында 200-ге тарта хореографиялық қойылым жинақталған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер