EXPO көпшліктің көңілінен шығып жатыр. Көрмеге келушілер көбіне-көп жақсы әсер, жылы пікірлер айтып жүр. Жағымды көзқарастың қалыптасуына тыңбай жұмыс істейтін еріктілер де өз үлесін қосып келеді. Ағылған халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп жүрген жастардың арасында шетелдіктер де бар. Сидней Исайя – Испанияның тумасы. Ол бұған дейін Миланда өткен көрмеге, Рио және Сочи олимпиадаларына ерікті ретінде қатысқан. Елімізде EXPO шарасы ұйымдастырылатынын естіген бойда Қазақстанға келуге ұмтылыпты. Қонақжай қазақ елін өз көзімен көргісі келген.

СИДНЕЙ ИСАЙЯ ЛУКИ ОКЕТАЙОТ ЕРІКТІ:

- Маған Миланда өткен көрмеде Қазақстанның павильоны ұнады. Оған дейін сіздердің елдеріңіз туралы аз-кем естігенмін. Бірақ, сол шарадан кейін мұнда келгім келді. Маған сіздердің елдеріңіз қатты ұнады. Адамдар өте мейірбан екен. Әрі шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған.

Көрмеге ерікті ретінде қатысу оңай болған жоқ. Ол түрлі әлеуметтік жобалар мен форумдарға атсалысып, арнайы дайындықтан өткен. Тіпті, ЕХРО-ны қолдап шағын шара да ұйымдастырған. Жалпы, көрмеге Сидней секілді әлемнің 40 елінен келген 150 шетелдік қатысып отыр.

АИДА СЫЗДЫҚОВА ЕРІКТІЛЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Еріктілер Әзербайжан, Франция, Италия, Уганда сынды мемлекеттерден арнайы келіп отыр. Біздің қонақжай халқымыз оларға қатты ұнайды.

Бірақ еріктілер үшін кімнің қайдан келгені маңызды емес. Бастысы, дер кезінде көмек көрсету. Олар қолдары қалт етсе бір-бірімен кездесіп, ЕХРО-ның тарихын сөз етеді. Бар білгендерін ортаға салып, дүниетанымдарын кеңейте түседі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер