Жалпыға бірдей ортақ қуат көздерін ашу – заман талабы. Елордада ЕХРО-2017 көрмесі аясында өтіп жатқан «Болашақ энергия» халықаралық форумының 7-ші отырысы өтті. Кезекті басқосуда отандық және шетелдік сарапшылар сарқылмайтын куат көздерін тауып, энергия тімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Атап айтсақ, негізгі әңгіме  баламалы қуат көздерін қаржыландыру, білікті мамандарды оқытып, салаға сонғы үлгідегі технологияларды ендіру, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу сынды тақырыптар төңірегінде өрбіді. Жалпы кешенді форум бағдарламасы   12 тақырыптық жиыннан құралған. Ондағы мақсат бір – болашақ энергияның ортасын қалыптастыру. Сондықтан барлық отырыстың түйіні ретінде қазақстандық және халықаралық сарапшылар баламалы қуат көздеріне қатысты тың ойлары топтастырылған «ЕХРО-2017  манифесі» арқылы  әлемге үндеу тастайтын болады.

КАНАТ БАЙҒАРИН, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ИННОВАЦИЯЛАР БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Манифест халықаралық және ұлттық мәселелерді қамтитын болады. Басты мақсат – экологиялық мәселелерге әлемнің назарын аударту. Сондай-ақ, құжатта баламалы қуат көздеріне қатысты тәжірибелі мамандардың үздік ойлары жинастырылады. Ол жаңартылатын энергия саласында жүрген кәсіпкерлер мен жасыл экономика саясатын қолдайтын елдерге ақпараттық, бизнес жобалардың көрнекі үлгілерінің ақпараттық сілтемесі болмақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер