ЕХРО-2017 көрмесінің негізгі тұжырымдамасының өзегін ашуда  тақырыптық павильондардың маңызы зор. Бірінші кешенде энергетиканың заманауи дамуы жағдайында адамзаттың ғарыш пен жерден пайда болатын қуат көздерін қолдану идеясы мен аясының кеңдігі паш етіледі. Мұнда бас сұққан әр келушіні алдымен үлкен ғаламдық жарылыс теориясы жайындағы танымдық кинетикалық шоу күтеді.

Павильонның екінші қабатында түрлі инновациялық жобалардың үздік үлгілері ұсынылған. Мәселен, техникалық бақта дәнді-дақылдарды топырақсыз, жасанды қоректендіргіш ортада өсірудің бірегей әдісімен танысуға болады. Мына гидропоникалық сақина – өсімдіктерді бағып күтудің заманауи технологиясы. Жаңашылдық тұқым тамырын жоғары қойып екеннің өзінде шығып-жетілуіне еш кедергі тудырмайды. Сондай-ақ жүйе өсімдіктерді қажетінше миниралды тыңайтқыштармен байытып тұрады.

ӘДІЛХАН БҰРАМБЕКОВ, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Мұндағы басты ерекшелік әрине дәнді-дақылдарды топырақсыз  өсіре алатынымызда.  Көбіне бұл жат нәрсе. Алайда жасанды коректендіргіш ортада жеміс-жидек өсірудің бірегей технологиясы бар екенін көрсеткіміз келді. Сондай-ақ жаңа әдіспен су 50 пайызға дейін аз жұмсалады. Көпшілік үйренген топырақсыз және суарудың көлемі кемітілгені өсіміне еш әсер етпейді. Керісінше, тұқым қолданыстағы әдістен жылдамырақ шығып, ерте гүлдейді. Бұл технология алдағы 3-4 жылда Қазақстандада ендірілетін болады.

Ауыл шаруашылығындағы соңғы жаңалықтардың бірі – ол көп қабатты жылыжай кешендері.  Сарапшылар қазір әлемде деморафиялық өсім ерекше қарқын алғанын айтады.  Олардың пікірінше, 2100 жылы жер шарындағы халық саны 11 миллиардқа дейін жетпек. Болашақта бұл кешендер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолына айналмақ.

ӘСЕЛ ЕГІМБАЕВА, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Вертикалды фермадағы өсімдіктер тек ғана су мен және пайдалы өнімдер арқылы өсіріледі. Әр қабатында өзіне тән температурасы бар қызыл, жасыл және көк түсті. Жасыл ол тек қана көкеністерге,қызыл орташа темпераитураны сақтайды. Қазіргі кездеол Корея, Сингапур  және Жапонияда қолданылады. Өйткені ол өте ыңғйлы және қаланың ортасында орналасқан.

Сондай-ақ, павильон қонақтары болашақтың қаласына саяхаттай алады. Заманауи шаһарда әрбір келуші адамның қатысуынсыз өздігінен қатынайтын қоғамдық көліктер, сутегімен жүретін темір тұлпарлардың мүмкіндіктерін сынап, ақылды жолаушылар өтпелінен жолды кесіп өте алады.  Жолақты басқан адам бағдаршамдардың жұмысына қажетті энергиямен қуаттайды. Бұндай иновациялық жүйелер қалалықтардың қолайлы өмір сүруі үшін қызмет жасайды. Есікті құлыптамай, терезені ашық тастап кеткеннің өзінде қам жемеуге болады. Ақылды үйлер смартфонның көмегімен басқарылады.

АЙДАНА ИБРАЕВА, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл үйлердегі айна, кір жуғыш машина, тоңазытқыштардың өзі ақылды жүйемен қамтылған. Ақылды айнаға қарап түр-келбетінді жөнге келтіргенше, ол адам денсаулығының көрсеткіштерін өлшеп алады. Немесе алдын ала жасайтын істерді белгілеп қойсаң, еске түсіріп отырады. Ал ақылды кір жуғыш машинасына киім-кишекті түр-түсіне, мата ерекшелігіне қарай іріктеп салудың қажеті жоқ. Оны ақылды үй жабдығы өзі ретіне келтіреді. 

АЛЬБЕРТО МОРИНЕЛЛИ, ТУРИСТ /ИТАЛИЯ/:

- Мұндағы қойылған заттар мен жобалардың барлығы  көңіліме қатты ұнады. Сапалы өмір сүруімнің көмекшілеріне қызығушылығым оянды. қызығушылығымды тудырды. Ақылды қала мен  табиғи қорды сақтап үнемдеуге бағытталған бастамалар адамзат үшін аса қажет. Әсіресе павильоннан шығар сәтте көрсетілген шоу бағдарлама ерекше әсерге бөледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер