EXPO қалашығында Доминикана мен Гвинея елдерінің Ұлттық күндері атап өтілді. Доминикандықтар көрме қонақтарын бачата биімен қайран қалдырды. Ал, шараның ресми бөлімінде Кариб бассейніндегі мемлекеттің энергетикалық әлеуеті паш етілді. Доминикан республикасы баламалы жолмен жылына 800 мегаватт қуат өндіреді. Оның 600-і гидроэлектр станциялардың, 135-і жел турбиналарының, қалған 60 мегаватт энергия биомасса мен күн панельдерінің үлесінде. Дминикандықтар бұл көрсеткішті тағы 400 мегаватқа арттыруды жоспарлап отыр.

ГАНС ДАННЕНБЕРГ КАСТЕЛЛАНОС, ДОМИНИКАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕКЦИЯСЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

- EXPO 2017 - еліміздегі энергетикалық әлеуетімізді әлемге әйгілеуге және инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін таптырмас алаң. Сондықтан, көрмеге қатысу біз үшін үлкен құрмет. Доминикан Республикасы тұрақты энергия саласында бүкіл елмен байланыс орнатуға дайын.

Гвинея үшін де «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті. Салтанатты жиын барысында сөз алған осы елдің Сауда министрлігінің штаб басшысы Бала Допавоги көрмеге жиналғандарды өз еліне инвестиция салуға шақырды. Гвинея боксит қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр. Темір, алтын, алмас және уран кендеріне бай. Дегенмен, бар тұрғынын электр энергиясымен қамтуға қауқарсыз. Мемлекет тек 2030 жылға қарай қуатқа 100 пайыз қол жеткізуді жоспарлап отыр.  

БАЛА ДОПАВОГИ, ГВИНЕЯ САУДА МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАБ БАСШЫСЫ:

- Астана EXPO-2017 тақырыбы Республика Президенті және профессор Альфа Конденің саяси болжауына және Гвинея республикасының саясатымен сәйкес келеді. Гвиненя энергетика, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында үлкен әлеуетке ие. Осы уақытқа дейін қолға алынбай келді. Осы платформа көмегімен Халықаралық көрмеге жиналған барлық мүдделі тараптарды біздің елге инвестициялауға шақырғым келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер