Күн көзінен қуат алатын ұшақ, сутегімен жүретін көлік, сандық технология. Бұл – Оңтүстік Кореяның EXPO-2017 көрмесіне алып келген басты жаңалықтары. Корея халқы баламалы қуат көзін тиімді пайдалануда әлем елдері арасында көш бастап тұр. Технологиялары мен ақылды шешімдері таңдай қақтырады. Мәселен, көрмеге келуші қонақтар энергетикалық орманға саяхат жасап, әрқайсысына берілген планшеттің көмегімен тың ақпаратқа қанығады. Үш тілде көрсетілген мәзір бойынша ойындар ойнап, энергия көздерін табады.

ДИЛЯРА МҰСАБЕКОВА, ГИД:

- Мына жақта ақылды экологиялық ғимараттың макеті көрсетіледі. Мысалы, сіз жиналыс бөлмесінен шығып бара жатып шамды, кондиционерді сөндіруді ұмытып кетсеңіз, сіз шыққан соң барлығы автоматты түрде өзі сөнеді.

Келесі ағаш «мүліктер интернеті» деп аталады. Қолданысқа енгізу үшін, сіздің ұялы телефоныңыз бен үйдегі жиһаздарға арнайы бағдарлама орнатылады. Оның көмегімен шам жағып, есікті құлыптап, келген қонақтарды қарсы алып, шай қойып, бөлменің ауа қысымын бақылауға ала аласыз. Бағдарлама 5 жыл бұрын Оңтүстік Кореяда қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінгі күні тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бұл елдің көпшілікті елең еткізген келесі жаңалығы – сутегімен жүретін көлік. Астанаға арнайы теңіз жолымен әкелінген. Салмағы бір жарым тонна. Бағасы – 75 мың доллар.

СҰЛТАН АЙТАҚЫН, ГИД:

- Бұл көлік экологиялық жағынан ең таза болып саналады. Өйткені, су буы шығады. Су буы таза болып саналады. +01:32 Өндірісте бар, 2015 жылдан шығып жатыр. + 00:02 Бір бакқа 11 литр сияды. 11 литрмен 600 км жүре алады.

Сонымен қатар, көрмеге күн көзінен қуат алатын ұшақтың макеті қойылған.

СҰЛТАН АЙТАҚЫН, ГИД:

- Әлі өндірісте жоқ. Бірақ тек қана күн болған кезде ұша алады мұндай ұшақтар. Күн болмағанда, күн болғанда энергияны жинап, одан кейін соны алып істей береді.

Осылайша, Оңтүстік Корея 2030 жылға дейін энергияның 20 пайызын баламалы қуат көзінен алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте су, жел, күн энергиясы тиімді пайдаланылмақ. Тіпті, анимациялық шоуының өзі табиғатты аялап, қуат көзін үнемдеуге үндейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер