ЕХРО-2017 көрмесі – озық үлгідегі иновациялармен қатар, әлем халықтарының өнерін тоғыстырған алаң. «Astana Contemporary Art Center» павильонында түрлі мәдениеттен сыр шертер шаралар өтіп тұрады. Орталықта қолданбалы және сәндік қол өнер шеберлері мен суретші, мүсіншілердің көрмелері, кинокөрсетілімдер мен танымдық кештер ұйымдастырылады. Мәселен, жақында танымал қазақстандық арт-сыншы Юлия Сорокина өнерсүйер қауымға дәріс оқыды. Ол тыңдаушыларды отандық және Орталық Азия өнерінің қыр-сырымен таныстырып, саладағы  жаңалықтармен бөлісті.     

ЮЛИЯ СОРОКИНА, АРТ-СЫНШЫ:

- Суретшілер алаңының өзгелерден бір ерекшелігі, біз бір отбасы не үлкен тайпа ретінде бір мақсатта бірлесе жұмыс жасаймыз. Қатарымыз аз болғандықтан, жиі араласамыз. Тек жұмыс барысында ғана емес. Сондықтан бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Әр жанұядағыдай аға, орта және кіші буындарымыз бар. Ізбасарларымызды ақыл-кеңесімізден айырып көргеніміз жоқ.  Іштегі немесе шет елдерде ұйымдастырылатын әр көрмеге демеу жасап тұрамыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер