Әлемде баламалы қуат өндіруден көшбасшы елдерінің бірі – Израиль. Сондықтан EXPO – 2017 көрмесі тақырыбының атына заты сай дайындаған павильоны ерекше. Мұнда өзге қатысушылар ұсынған мұражайдағыдай жәдігерлер мен технологияның озық үлгілері аса байқалмайды. Тек шоу-бағдарлама. Кешен бір уақытта 100 адамға дейін қабылдай алады. 70 жылдық тәуелсіздік тарихы бар мемлекеттің  жоғары технологиядағы табысы мен оның дамуын бас-аяғы 8 минут ішінде қанықтыратын таныстырылымнан біліп алуға болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер