«Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтіп жатқан ЕХРО көрмесі кішкентай қазақстандықтар үшін ерекше қызық. Халықаралық шараны тамашалау үшін ел өңірлеріндегі балаларға арнап арнайы сапарлар ұйымдастырылуда. Павлодар облысынан келген оқушылар көрмеден айрықша әсер алыпты. Көрген-білгендерін жарыса әңгімелеген жеткіншектердің арасында баламалы қуат көздеріне қатысты өз жобаларын ойлап табуға бел буғандары бар.

НҰРМҰХАМЕД ТӨЛЕГЕНОВ, ОҚУШЫ:

- ЕХРО-да тамаша үлкен ғимараттар, шетелден келген көптеген адамдар болды. Немістер, ағылшындар және де басқа тағы көп павильондар бәрі жақсы, әдемі көп көрікті жерлері бар. Мен тағы барғым келеді.

АЛЕКСАНДР ШАХМАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Біз бүгінгі күнге дейін ЕХРО-ға 250 баланы апардық. Тағы да 92 бүлдіршінді апаруды көздеп отырмыз. Оқушыларымыз дән риза. Барлығы ерекше. Осындай қарапайым өмірде кездесе бермейтін әлемдік деңгейдегі шаралар  көп болса екен деймін.

10-маусымнан бері ЕХРО көрмесін 36 мыңдай маңғыстаулық тамашалаған. Олардың бес мыңға жуығы - мектеп оқушысы. Балалар халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалап қана қоймай бас шаһарды аралап, көрікті орындарымен танысып келді. Мектепке барған соң Астанадан алған әсерлерін шығарма жазу арқылы сыныптастарымен бөліседі.

ГҮЛСІМ ЖАРИЕВА, ӨҢІРЛІК ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік класы өткізіледі. Соған өзіміздің жас спортшыларымыз қатысады. Теміржол көлігімен барғанда Астана қаласында 3-4 күн жобасында  болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер