Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесі әлем журналистерінің назарында. Угандалық «The Independent» журналы шара халықаралық компаниялар үшін Қазақстан мен Шығыс Еуропа нарығына шығуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Басылым болашақ энергиясына арналған көрме кәсіпкерлер мен инвесторларды тоғыстырған алаңға айналғанын айтады. Шара аясында ұлттық күнін атап өткен Уганда делегациясы «экономикасы қарқындап дамып, Орталық Азияда көшбасшы елге айналған Қазақстаннан үйренеріміз көп» дейді.

Ал Әзербайжанның «Мусават» басылымында EXPO көрмесінен репортаж жарық көрді. Шартарап көз тіккен бұл шара Миланда өткен ЕХРО-мен салыстырылып, Қазақстанның өте тыңғылықты дайындалғаны жан-жақты жазылған. Әсіресе, көрмедегі темірдей тәртіп пен қауіпсіздік, еріктілердің жұмысы, тың технологиялар көптің көңілінен шыққаны баса айтылған. Автор көрмеге ағылған халықтың санында шек жоқ екендігіне ерекше тоқталыпты. Сондай-ақ, қаланың қай бұрышынан көз тастасаң да, менмұңдалап тұрған Қазақстанның ұлттық павильонының шоқтығы биік екендігін ерекше сипаттаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер