Дубай қабылдайтын ЕХРО-2020 көрмесінде «EXPO and WOMEN» павильоны тұрғызылатын болады. Кешенде заманауи технологиялар бағытындағы әлемнің белсенді нәзік жандыларының озық деген инновациялық жобалары қойылмақ. Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар дүниежүзілік шарада бұрын-соңды болмаған  жаңашылдық Елордада өтіп жатқан көрме аясында ұйымдастырылған екінші халықаралық әйелдер форумында ұсынылды. Қазақстанның іскер азаматшаларының бастамасы басқосуға қатысқан  алты  бірдей  парсы мемлекеттері елшіліктерінің қолдауын тапты. Жақын арада жер бетінің бар құрлықтарында болашақ павильонды насихаттап, атсалысам деген бизнестегі, ғылымдағы бұрымдылар мен қызықты жобаларды іріктейтін өкілдіктер ашылмақ.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «EXPO & WOMEN»: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Әріптестер табылып жатқанына біз өте қуаныштымыз. Оларға біздің ойымыз павильонды ұйымдастыру және осындай форумды ұйымдастырып тәжірибе алмастыру осы арқылы дүниежүзіне жариялау жетістіктерді, бизнес жобалар бар екенін әлеуметтік салаларды көтеретін, экономиканы көтеріп ықпал жасайтын бизнес жобаларды жүзеге асыруға осындай алаңдар ықпал етеді.

 

Айта кетейік, халықаралық әйелдер форумы жасыл экономика мен баламалы қуат көздері, қоршаған ортаны қорғау және қайырымдылыққа үндеу сынды игі істерде жүрген нәзік жандылардың жетістіктерін паш ету қамында ұйымдастырылып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер