Астанада EXPO-2017 көрмесінде ел аймақтарының мәдениет күндері жалғасуда. Батыс Қазақстан облысы шараға орай елордада 10 концерт пен 8 қойылым ұйымдастырды. Өңір шеберлері қала тұрғындары мен қонақтарына этноауыл аумағында қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Астана төрінде Жайық өңірінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Айта кетейік, қазір Батыс Қазақстан облысы қарқынды дамып келеді. Мұнда инвестициялық және туристік тартымдылықты арттыру бойынша ауқымды іс-шаралар қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, өңірде өндіріс пен ауыл шаруашылығы да жіті назарда.

 

АРМАН ӨТЕҒҰЛОВ БҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстанның батыс қақпасы саналатын аймағымыздың экономикадағы орны ерекше. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында аймақтың өндірістік көлемі 468 млрд теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 39 миллиард 600 млн теңгені құрады.

 

Қостанай облысы да елордада өз жетістіктерін таныстырды. Бұл өңір 650 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жәрмеңкеге қойды. Облыстағы 11 аудан мен 3 қаланың сауда өкілдері тауарларын арқалап, алыстан ат арылтып, Арқа төріне арнайы жеткен. Елорда тұрғындары мен қонақтары арзан азық-түлікті алумен қатар, осы күндері Қостанайдан келген ұжымдардың өнерін тамашалады.

 

АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Адамдар жақсы келіп жатыр. Жалпы мына елорданың тұрғындары Қостанайда өндірілетін өнімдерді, азық түліктерді жақсы біледі. Сапасын біледі, ұнатады және осындай жәрмеңкені күтіп, белсенді қатысады жәрмеңкеге. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер