Инфрақұрылымды жаңғырта отырып, «ақылды» қалаларды дамыту. ЕХРО-2017 көрмесі аясында өткен халықаралық форум осы тақырыпқа арналды. Жиында әлемнің жер-жерінен жиылған сарапшылар инженерлік желілерді жетілдірудің тиімді тұстары төңірегінде ой өрбітіп, өзара тәжірибе алмасты. Елді-мекендердің құрылысын жоспарлауда назарға алынатын басымдықтарды атап көрсетті. «Ақылды» қала тұрғызудың алғышарттары басқосудың өзегіне айналды. Бұл орайда баламалы қуат көздері мен жасыл технологияларға мән берудің маңызы жөнінде айтылды. ЕХРО алаңында ұсынылған тың жобалар болашақтың шаһарын қалаудың бірден-бір жолы дейді, мамандар.

ПАРАГ ХАННА, ҒАЛЫМ /СИНГАПУР/:

- Болашақта Астананың «ақылды» қалаға айналатынына күмән жоқ. Жас болғанымен, қарқынды дамып келетін әсем шаһар. Елорданың жақын арада смарт қала атануының әлеуеті зор. Жол-көліктік желі мен қолжетімді баспана сынды әлеуметтік салалар жаңғыртылып келетінін байқадым. Бәрі жаңа. Озық үлгідегі техникалық институттар, медициналық университеттер баршылық. Шетел капиталы барынша тартылып жатыр. Инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Қала дамудың даңғыл жолында. Сондықтан бірден қолайлы инфрақұрылым салып алудың мүмкіндігі зор. Әлемдегі көптеген қалыптасып алған қалалардың тарихы бай болғанымен, жаңашылдықтарды қабылдап, ендірудің мүмкіндігі жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер