Астанада «Болашақ энергиясы» деген ұранмен өтіп жатқан ЕХРО-ның тақырыптық павильондары – көрменің маңызды бөлігі. Халықаралық шараның тақырыбын ашу да үлкен өнер. Сондықтан шараның маңызын түсіну үшін мұнда келу шарт.

ЕЛДОС СОВЕТ, ІІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Тақырыптық павильонның негізгі символы – интерактивтік кілт. Бұл интерактивтік кілтте көріп тұрғандарыңыздай су, жел және күн. Олар альтернативті энергия көздері. Бұл кілттерді біз бірінші зонада бірінші бөлімде арнаулы медиа үстелдерге қою арқылы біз мұнайдың қанша жылға жететіні солар жайлы көптеген ақпараттар ала аламыз. Мұнай 60 жылдан кейін таусылу ықтималдығы бар деген сөз. Көмірдің де таусылу ықтималдығы бар. Көмір 52 жылдан кейін таусылады. Алюминий мысалы бізде 110 жылдан кейін таусылуы мүмкін.

Қазба байлықтары мәңгілік емес. Ал баламалы энергия – сарқылмас қуат көзі. Экономикаға тиімді. Шығын аз. Қолжетімді. Оның көздерін табу ең алдымен, әлемдегі экологиялық апат қаупін азайтуға сеп. Жер бетінде 7 млрд-қа жуық адам болса, соның тең жартысы ғана энергияны толық пайланады екен.

ЕЛДОС СОВЕТ, ІІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Картада біз әрбір континенттің энергия қолдану мөлшерін көреміз. Ондағы қызыл түстер цилиндрдегі қызыл түстер бұл жердегі энергияның қолдану мөлшерін көрсетеді. Ал, цилиндрдің үлкендігі мұндағы халық санын көрсетеді.

Картаға үңілсек, Африкада энергиямен қамтамасыз ету көлемі өте төмен. Сондықтан баламалы энергияның игілігін игеретін кез жетті. Күннің жылуынан тамақ пісіретін құрылғы, қыштан жасалған тоңазытқыш алыс елді мекендерде тұратындар үшін тиімді. Ал Мозер шамы әлемде кеңінен танымал. Оны жасау әдісі өте қарапайым. Пластикалық бөтелкенің ішіне су құйып, оған кір жуатын ағартқышты араластырады. Содан кейін шатырдың төбесін тесіп әр шөлмекті орналастырып шығады. Күн сәулесінің әсерінен сұйықтық шағылысып, жарық шамына айналады.

Тақырыптық павильонда 2029 жылға саяхат жасауға болады. Бұл сапарда сізге болашақтың бірнеше нұсқасы ұсынылады. Жер бетінің жойылуы не гүлденуі. Таңдауды адамзат баласы жасайды. Осылайша, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігі жете түсіндіріледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер