АҚШ компаниялары Қазақстан экономикасын әртараптандыру ісіне атсалысуға мүдделі. Шетелдік инвесторлар бұл ниеттерін елордада өткен Америка сауда палатасының форумында білдірді. Жиынға қатысушылар екіжақты ынтымақтастық әлеуетін арттыратын салалар бойынша әріптестікті нығайту жолдарын талқылады. Бұл орайда тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы мен баламалы қуат көздері салаларына басымдық берілмек. Айта кетейік, қазіргі таңда Америка Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция құю көлемі бойынша екінші орында келеді. Тәуелсіздік алғалы АҚШ-тан 50 млрд доллар қаржы тартылған. Ел аумағында Америка капиталымен 500-ден астам кәсіпорын өз өндірісін дамытуда.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын кешенді түрде әртараптандыруға кірісіп кеттік. Бұрынғыдай тек негізінен бидай егумен шектелгіміз келмейді. Бау-бақша өнімдерін жетілдіру ісін жандандырып жатырмыз. Майлы дақылдар мен көкөністердің түрлерін арттыра түсу керек. Бұл орайда озық технологиялар қажет. Сондықтан шетелден  әріптес тарту жағына көңіл бөлудеміз.

ДЖОРДЖ КРОЛ, ҚР-ҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ:

 - Қазір Қазақстанда «Chevron», «Exxon» сынды Американың энергетикалық бағытындағы ірі компаниялары тамыр жайып, өз салалары бойынша сәтті жұмыс жасауда. Ендігі мақсат – ел аумағына  басқа да бизнес жолдарымен айналысатын АҚШ кәсіпорындарын тарту. Мәселен, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және өзге де әлеуеті зор салалар бойынша тараптар арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсу керек. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешен жағы екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер