Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі өтті

Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі өтті. Шараға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран мен Түрікменстаннан 8 театр ұжымы қатысты. Биылғы фестиваль қазақ киносы мен театрының майталманы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналды. Халықаралық өнер байқауының ашылу салтанаты жағалаудағы амфитеатрда өтті. Онда бір мезгілде 1 мыңға жуық өнерпаз өнер көрсете алады. Сондай-ақ бұл сахнаны алыстан 25 мың адам тамашалай алады.   

ШАЛАЛИ КУТСИ, ХОРЕОГРАФ /ИРАН/:

 - Ақтаулық көрермендер бізді ерекше қошеметпен қарсы алды. Бұл фестиваль Каспий жағалауы елдері театрларының мәдени-рухани ынтымақтастығын арттыруға ықпал етпек.

Халықаралық фестиваль – өнер мен достықтың мерекесі. Сондықтан да театр ұжымдары өзара жарыспай, бір-бірімен тәжірибе алмасу және өнерлерімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы аталған шараны Түрікменстанның Түркіменбасшы қаласында өткізу жоспарланып отыр.