«Хабар» Агенттігі Қытайдың CGTN арнасының контент алмасу жүйесіне қосылды

Қазақстан медиа саласында халықаралық ынтымақтастық шекарасын кеңейтуде. «Хабар» Агенттігі Қытай Халық Республикасының ірі телеарнасы саналатын CGTN арнасының орыс тілді контентімен видеоматериал алмасатын болды. Тиісті келісімге Сиань қаласында өткен «Жібек жолы» халықаралық телевизиялық ынтымақтастық қауымдастығы форумында «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Алан Әжібаев қол қойды. Арнайы платформа теледидар компаниялары арасында орыстілді елдердің жаңалықтары және видеоконтентімен жедел алмасуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, жүйені іске қосу рәсіміне Ресей, Беларусь және Тәжікстан елдерінің БАҚ өкілдері қатысты.

АЛАН ӘЖІБАЕВ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Кез келген ынтымақтастық, ақпараттық болсын, телехикая немесе деректі фильм секілді өзге де басқа жанрларда өте маңызды болып табылады. Сиань қаласындағы бұл маңызды бастама  бірлескен қызметтің үлкен тарихи оқиғасы болмақ. Бұл алаң ақпаратпен және қажетті фотосуретпен неғұрлым жедел алмасуға мүмкіндік береді.