Ақтөбеде «Аналарға тағзым» рухани орталығы ашылады

Ақтөбеде «Аналарға тағзым» рухани орталығы ашылады. Кешен ананың ақжаулығына ұқсатып көтерілді. Бірегей жоба Бопай Ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова сынды қазақ халқының ұлы аналарының ерліктерін кеңге жеткізу бағытында қызмет етпек. Нысан құрылысына меценаттар 350 млн теңге қаржылай көмек көрсеткен. Ауданы мың жарым шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратта ұлттық үлгіде жасалған музей, көрме залы мен үйірмелер орналасады. Сондай-ақ, мұнда алғашқы республикалық аналар форумы өтеді деп жоспарланған. Шарада елімізге белгілі қыз-келіншектер бас қосады.

КҮЛПАРШЫН АЙДАРХАНОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы жобаның ішінде «Қыз – елдің көркі» деген проект бар. Оның ішінде біздер осы балаларымызды, қыз-келіншектерімізді үйрететін үйірмелер болады. Оның ішінде дизайн, этика бөлімі, хореография да болады.