Рахат-Би Әбдісағын жастар ұйымдарының көшбасшыларына дәріс оқыды

Бүгінде қазақ композиторы Рахат-Би Әбдісағынның есімі бүкіл әлемге белгілі. Көптеген музыкалық шығармалардың авторы, музыкант беделді республикалық және халықаралық конкурстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Ол 12 жасынан бастап музыка жаза бастады. Жас таланттың шығармаларын Еуропа, Азия және Американың атақты солистері һәм камералық ансамбльдері және симфониялық оркестрлері орындайды. Рахат-Би музыкалық өрісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарының бірі атанды. Дарынды жігіт заманауи үрдістерге көзқарасын қалыптастырды. Олардың ішінде – ел ішінде және тұтастай әлемде қоғамдық сананы модернизациялау. Осы өз көзқарасымен жастар ұйымдарының көшбасшыларымен бөлісті.

РАХАТ-БИ АБДЫСАГИН, КОМПОЗИТОР, ӨНЕРТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ:

 - Біз ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ол бізге бірегей мүмкіндіктер ашып отыр. Қаласаң, алдыңнан барлық есіктер ашылады. Меніңше, тарихта ешбір адам көрмеген мүмкіндіктер бар. Солардың бірі – жастармен жұмыс істеу мүмкіндігі. Өйткені жаңғырту идеясын іске асыратын солар.

Дәріске қатысқан республика жастар ұйымдарының өкілдері ортақ пікірге келді. Қазіргі қазақстандық ұрпақ өз идеяларын жүзеге асыру үшін үнемі дамып, мүмкіндігінше дайын болу керек.

ЖАННА БЕЙСЕНОВА, СҚО ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мен оның жасына қарамастан, көп нәрсеге қол жеткізгеніне қарап, қатты таң қалдым және шабыттандым. Ол жүзден аса туынды жазған және 6 тілде еркін сөйлейді. Біздің мақсатымыз – Рахат Би сынды белсенді жастар туралы өз өңіріміздегі жастарға айту. Жаңғырудың трендтерін түсіндіру.