«Қазақфильм» киностудиясының ең ірі киносервис платформасымен ынтымақтастығы

Қазақстан кинематографы әлемнің беделді алаңдарын бағындыруда. Енді шетелдік көрермендер қазақ киногерлерінің туындыларымен танысып, еш кедергісіз ғаламтор арқылы көре алады. «Қазақфильм» киностудиясы ең ірі киносервис платформасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 1 қыркүйектен бастап танымал киносайтта 150-ден астам отандық фильмді көруге болады. Аталған интернет алаңның 50 миллионнан астам тұрақты көрермені бар. Осы ресурста орналастырылған қазақ фильмдері тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де ұсынылмақ. Онлайн-платформа каталогына 77 мың бейнеөнім кіреді, оның ішінде 6,5 мың анимациялық және көркем фильмдер, 45 мың танымал теле-шоу және 20 мың жаңалық бағдарламалары бар.

НҰРЛАН ЧУКУБАЕВ, БЕЙНЕСЕРВИСТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КЕҢСЕСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл келісім қазақстандық киноны әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Әртүрлі елдерден сұраныс бар. Еуропа мен Батыс Еуропа елдері бар. Менің ойымша, бұл елдерге көшіп келген бұрынғы отандастарымыздың көбі қазақ киносына үлкен қызығушылық танытып отырғандығына байланысты.