Ұлттық музейде «Үшқоңыр» атты көрме ашылды

Ұлттық музейде «Үшқоңыр» атты көрме ашылды. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туып-өскен жеріне арналған. Ерекше экспозицияға 16 белгілі отандық суретшінің 22 еңбегі енген. Бұл картиналардың бәрі Елбасының «Үшқоңыр» атты фотоальбом жинағында бар. Басылым былтыр жарыққа шыққан болатын. Жоба авторы Вячеслав Титеневтің айтуынша, басылымға 120 көркем туынды мен мемлекет басшысының афоризмдері мен цитаталары енген. Картиналардың денін заманауи қылқалам шеберлері жасаған. Ал 30 туынды – қазақстандық классик суретшілердің еңбектері. Өнерсүйер қауым барлық картиналарды бір жерден тамашалай алмақ. Мақсат та осы болатын, - дейді жоба авторлары

ВЯЧЕСЛАВ ТИТЕНЕВ,  ЖОБА АВТОРЫ:

-  Жоба Президенттің туған жеріне арналған. Біз Елбасының балалық шағы өткен жерін, есейген кезі, айналасындағы адамдардың қандай болғандығы мен олардың Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі рөлін бейнелеуге тырыстық. Өлке табиғаты мен Президенттің айтқан қанатты сөздерін де картиналар арқылы жеткізуге тырыстық. Кез келген адам тәлім-тәрбиені туған өлкесінде алады, өмірлік көзқарасы да сол жерде қалыптасады.

Суретшілердің айтуынша, Елбасының қанатты сөздерін картиналарға салу оңай іс болмаған. Бұл үшін Президенттің өмірі мен қоғамдық қызметін бүге-шүгесіне дейін білу керек еді.

МҰХТАР СЫЗДЫҚОВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Ол балалық шағында әкесімен бірге Үшқоңырдағы бақта алма теретін. Оған бұл, әрине, ұнайтын. Өйткені балалық шақта бәрі керемет қой. Біздің Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы осылай өтті. Мұның бәрін картиналарды сөйлету арқылы жеткізбек болдық.

Алматы облысының бай табиғаты, ата-ана шаңырағы. Мұның бәрін картиналардан сезінуге болады. Қанық бояулар мен түстердің үйлесімділігі көрмені ерекше кейіпке бөлейді. Түрлі техника мен идеяны аңғаруға болады. Көрме қыркүйектің 10-на дейін көрермен көзайымына айналмақ.