«Junior Eurovision 2018»: «Хабар» Агенттігі талантты балаларды іздейді

Баға жетпес тәжірибе алып және жаңа биікке көтерілу. «Junior Eurovision» ән байқауы қатысушылардың алдында осындай мүмкіндік ашады. Еске салсақ, «Хабар» телеарнасының сайтында беделді халықаралық фестивальде өз өнерлерін көрсетуге ынталы өнерпаздардың өтініштерін қабылдау басталды.

ЕВГЕНИЯ ЛОЖКИНА, МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

 - Бұл, әдетте, Қазақстан үшін керемет стартап, өйткені басқа мемлекеттермен байланыс орнатамыз, ал балалар жаңа тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар бұл халықаралық деңгейдегі мектеп десек те болады.

Оралдық Аяна Қажымова 2 жыл қатарынан халықаралық ән байқауларында Қазақстан намысын қорған жүр. 2016 жылы жас дарын әлемдік деңгейде танылды. «Рига симфониясы» халықаралық жас орындаушылар фестивалінен Аяна алтын, күміс және қола медальдарымен оралды. Өткен жылы Юрмалада балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Rudaga New Star» фестиваліне шақыру алып, онда ол 300-ден аса өнерпаз арасынан озып шығып, «Ең үздік дауыс» номинациясын иеленген еді.

АЯНА ҚАЖЫМОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

-  Халықаралық байқаудың бір жақсысы – өсесің. Дауысың да күшейе түседі. Байқауларда басқа елден келген балалардың маған керекті нәрселерін өзіме қабылдаймын. Шетелдік балалардың вокалдық деңгейі бізге қарағанда жоғары.

Тараз қаласының 11 жасар тұрғыны Саят Әлихан соңғы 5 жылда 5 ұлттық және 3 халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. Жас вокалист өзінің туған және Италия тілдерінде ән айтуды ұнатады.

САЯТ ӘЛИХАН, ӘНШІ:

 - Мен Түркия еліне барған кезде ол жақта көптеген елдерден келген 20 шақты үміткер қатысты. Ондағы менің қарсыластырам көптеген елдердің менімен қатарлас бүлдіршіндері болды.

Балалардың дарынын ашып, музыкалық әлеуетін анықтау үшін  әрқайсысына жеке көзқарас қажет. Мұғалімдердің айтуынша, бала толықтай беріліп, үлкен талпыныс танытса ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.

НАТАЛЬЯ ПЕРЕПЕЛИЦА, КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ:

 - Біздің ұстаздар жан-тәнімен беріліп жұмыс жасайды. Олар ұсақ-түйектерге дейін мән береді. Жұмыстың ең маңызды бөлігі – балаға репертуар таңдау. Ән міндетті түрде баланың жасына, эмоционалдық көңіл-күйіне, диапазонына сәйкес болуы керек. Біз қазақтың ұлттық репертуарын міндетті түрде орындаймыз. Мақсат – өзге елге біздің мәдениетімізді таныстыру.

Композитор Мақсат Жәутіков қазақ ән өнері мен балалардың музыкалық әлеуетінің бірегейлігі туралы көп біледі. Ол бірнеше жас дарынды үлкен сахнаға шығарып, оларды нағыз жұлдызға айналдырды. Оның студенттері Славян базарында және басқа беделді халықаралық жарыстарда өнер көрсетті.

МАҚСАТ ЖӘУТІКОВ, КОМПОЗИТОР, ПРОДЮСЕР:

 - Біздің балалар халықаралық аренаға лайық дер едім. Біз әнші халықпыз ғой. Жас дарындардың табиғи қабілеттері жетерлік. Ал халықаралық байқауларда әдетте біздің негізгі бәсекелестеріміз Грузия, Армения, Болгария, Украина, Ресей өнерпаздары болады.

Биылғы жылы халықаралық ән байқауына қатысатын елдердің саны – 19. Қазақстанда іріктеу турына қатысу бойынша өтінімдер қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.