Қазақстандық бишілер Болгариядан жүлдемен оралды - Kazakh TV

Қазақстандық дарындар әлем сахналарын бағындыруда. Елордалық «Номад» би ансамблі Болгарияда өткен XVIII халықаралық «Обзор қаласының раушандары» хореографиялық өнер фестивалінде I дәрежелі лауреат атанды. Халықаралық додада еліміздің намысын қорғаған жеңімпаздарды Астанада ата-аналары мен жанкүйерлері қарсы алды. Айта кетейік, айтулы жарыста отандық бишілер ұжымы қазылар алқасының назарына 8 халық биін ұсынған болатын. Сонымен қатар биылғы жылғы фестивальдің бас жүлдесіне Ресей, Украина және тағы да басқа елдердің хореографиялық ансамбльдері таласқа түсті.

АЙНАГҮЛ НҰРҒАЗИНА, «NOMAD» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз әлем халық билерін орындадық. Қытай, мексика, қазақ билерін көрсеттік. Оның ішінде біздің жаңа билеріміз «Үйдің еркесі», «Балбырауын», «Қаражорға» бар. Ресейдің хореографиясы, командалары өте мықты. Бізге қиын болды. Алайда соған қарамастан, біз I дәрежені алып келе жатырмыз.

ДИАНА ДҮЙСЕНОВА, «NOMAD» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІСІ:

 - Сайыс өте жақсы өтті. Мен жақсы әсер алдым. Болгария керемет ел екен. Онда көптеген көрікті жерлерді араладық.

АРУЖАН МӘЖИТ, «NOMAD» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІСІ:

 - Мен осы «Nomad» би ансамбліне 1 жыл бойы қатысып келемін. Болгарияға бірінші рет ұшып келдім. Біз Болгария, басқа мемлекеттерге Қазақстанның өнерін, дәстүрлерін, билерін көрсеткенімізге өте қуаныштымыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер