«Адат» ансамблі Италияда өткен халықаралық фестивальдің жүлдегері атанды - Kazakh TV

Алматылық «Адат» ансамблі Верона қаласындағы халықаралық фестивальден жүлдемен оралды. Кішкентай бишілер әлемнің 5 мемлекетінің өнер ұжымдарымен шеберлік байқасты. Ромео мен Джульетаның отанындағы киелі сахнада қазақстандық ансамбль Кавказ биін орындап, қазылар алқасының көңілінен шыққан. Бишілеріміз ежелден келе жатқан би мәнерін жете меңгергендігімен таң қалдырыпты.

Халықаралық фестивальде жас бишілеріміз Кавкасиури, тау халқының биі,  Дай мохк және шешендердің мерекелік биін тамаша орындаған.

ИСЛАМ САГОВ, «АДАТ» БИ АНСАМБІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК  ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз бірінші кезекте Қазақстанның атынан өнер көрсететінімізді үлкен жауапккершілікпен деп сезіндік. Өзімізді жоғары деңгейде көрсетуге тырыстық. Және дәл солай болды, елімізді тағы да шетелге жақсы қырынан таныттық деп ойлаймын.

МИЛАНА ИЛЬДИХОРОЕВА:

 - Біз сахнаға шыққан сәттен бастап, көрермендер қошемет көрсетіп қол соқты. Шынымды айтсам, қатты толқыдық. Биіміз бәріне ұнады.

ЯСМИН МУРАТОВА:

 - Италияға  сапарымыз маған қатты ұнады. Ұмытылмастай әсер алдым. Ең кереметі сахнаға шығып өнер көрсеткенімізді бақыт санаймын. 

Құрылғанына бар жоғы бір-ақ жыл болған ансамбльде дарынды бишілер өте көп. Алды 16 жаста болса, ең кішісі – 4 жаста. Жас айырмашылығына қарамастан, сахнаға шыққанда үйлесімді қимылдарымен таң қалдырады. Жетекшілердің мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, би өнеріне деген құлшынысын арттыру. Осы өнер арқылы елді құрметтеуді, сал-дәстүрді ұмытпауға үйрету.

ИСЛАМ САГОВ, «АДАТ» БИ АНСАМБІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК  ЖЕТЕКШІСІ:

 - Гран-при жеңіп алған соң қыркүйекте бізді Тулаға шақырды. Сондай-ақ қазір Парижде өтетін фестивальге бару мәселесі шешіліп жатыр.

Классика мен заманауи би мәнерін шебер үйлестіре білген өнер ұжымының бағындырар талай асуы бар, дейді мамандар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер