Вашингтонда «Анаға апарар жол» тарихи драмасының гала-көрсетілімі өтті - Kazakh TV

АҚШ астанасы Вашингтонда «Анаға апарар жол» тарихи драмасының гала-көрсетілімі өтті. Шараға басты рөлдерді сомдаушы Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек және продюсер Светлана Коротенко қатысты. Шара АҚШ көрермендерінің қазақстандық кино туындыларға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. «Анаға апарар жол» фильмі қиын-қыстау кезеңдегі ана мен бала арасындағы махаббатты баяндайды. Көрерменін тебіренткен бұл туынды елдің ықыласына бөленіп те үлгерген. Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың кино картинасы халықаралық деңгейде де жоғары бағалануы заңдылық. Осы көктемде ол Нью-Йоркте өткен «WeLink» фестивалінде «Үздік көркем фильм» атанды. Сонымен қатар Испания, Ресей, Хорватия сынды елдерде мәртебелі марапаттарға лайық деп танылды. Шара аясында Ақ үй мен жергілікті сауда палатасының өкілдері және дипломаттардың қатысуымен Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер