Ақын Баянғали Әлімжановтың оқырманға тартуы - Kazakh TV

Адамзаттық комедия «Айзатты» әлем білер жазған жасаң Бальзакты. Бір романды бірақ түнде жырлаған білер ме еді, біздің Иса Байзақты!

Бұл – қазақстандық танымал ақын, драматург Баянғали Әлімжановтың сиясы әлі кебе қоймаған «Әлем әуендері» атты кітабынан үзінді. Тың туындысында отандық жазушы жаһан әдебиетінің таңғажайып сәттерін толғайды. Жинаққа туған халқы мен өзге ұлттарға арнаған төл өлең-жырлары топтастырылған. Суырып салмалық пен қара өлең ұйқасының шебері оқырмандарын қалам тербеген соңғы шығармаларымен таныстырып, баспадан енді жарық көрген еңбектерін ұлттық академиялық кітапхана қорына табыстады.

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ:

 - Атамыздың дәстүрімен, аңыз айту дәстүрімен айтылған тарих деп бағалау керек шығар. Неге десеңіз? Осы күні жас ұрпақ кеше ғана болған тарихты бүгін біле бермейді екен. Міне осының бәрі есте қалсын деген оймен... Кітапханаға кітап сыйлау деген сөз – бұл халқыңа тарту жасау деген сөз. Сол халқыма берейін, бұл кітапхана – біздің рухани қазынамыз, осының ішінде тұрсын деген ниетпен кітапханаға тапсырайын деп отырмын.

Келесі тартуы кішкентай оқырмандарға арналған «Мейірімді Асқар» атты ертегі. Ондағы қазақ баласы әлем ертегілерінің барлық ізгі кейіпкерлерімен жолығып, өзіне жаңа серіктер табады. Бұл кітап бірнеше тілге аударылған.

НҰРЖАН ЖОЛДЫБАЛИНОВ, ҚР ҰАК ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Қазір ағамыз көптеген ертегілер жаза бастады. Бұл ертегілердің ең басты ерекшелігі – ол бұрынғы әлеммен қазіргі әлемді қосып жаңа ертегілер жасап жатыр. Бұл өте керемет. Өйткені қазіргі таңда сол ертегілерге көптеген сұраныс бар.

Қалың оқырманға жол тартқан туындының бірі – орыс тілінде жазылған «Сказ 100-летнего степняка» деп аталады. Кітап ғасыр жасаған дана қарияның өмірі арқылы қазақ-неміс халықтарының достығы жайында баяндайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер