«Солистер академиясының» Италиядағы гастролі

«Солистер академиясы» камералық оркестрі Италияның Кунео провинциясы, Берголо қаласында алғашқы концертін берді. Кеш Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» әнімен ашылды. Оны орындаған – дәстүрлі әнші Асқар Мұқият. Ал опера әншісі Азат Мәлік Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, италия халқының қошеметіне бөленді. Айта кетейік, оркестр «Alba Music Festival» және Македония еліндегі «Охрид жазғы фестивалі – 2018» сынды үлкен музыкалық фестивальдарда өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, 10 концерт өткізеді. Енді, екі апта бойы еуропалықтар Ұлы Дала елінің үздік туындыларымен сусындайтын болады.

ЖЮЛЬЕТ СИРОЛИ, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

-  Сіздердің келіп, осындай туындыларды тарту еткендеріңізге алғыс айтамыз. Мен әлі толқып тұрмын. Себебі сіздердің қойылымдарыңыз жарқын әрі ерекше болды. Біз италиялықтар өзгелерді үйретуіміз керек деп ойлайтынбыз. Енді біздің үйренуіміз керек екеніне көзім жетіп отыр.