Central Asian Dance Festival - Kazakh TV

Орталық Азия елдерінің бишілері батыстық би мәнерінің заманауи түрлерін меңгеруде. Елордада өңірдің мың бұралған өнерпаздары бас қосты. Ортаазиялық алғашқы би фестивалі аймақ елдерін тегістей қамтып отыр. Игі шараның аясында шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Неоклассикалық және бүгінгі хореографияның қыр-сырына машықтайтын оқыту сабақтарына 100-ден астам жас биші қатысуда.

АЗИЗА КАЮМОВА, ТӘЖІКСТАННЫҢ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - АҚШ-тың үздік деген тәжірибелі хореографтарынан сабақ алудың ерекше мүмкіндігі туып отыр. Фестиваль Орталық Азия елдерінің өзіміздей бишілерімен кездесіп, танысудың алаңына айналды. Бұл жерде шеберлік алмасып, тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Мәселен, бродвейлік би – Тәжікстан үшін мүлдем таңсық бағыт.

Ырғақты импровизациялық қимылды жетілдіретін джаз, модерн, бродвей,  контемпорари, хип-хоп секілді би түрлерінен тегін сабақ өткізеді. Шеберлік сағаттарының қатысушылары 2 апта бойы АҚШ-тың дүниежүзіне белгілі хореографтарынан тәлім алады. Өз білім-тәжірибесімен Кэтрин Пилкингтон, Тара Комптон, Пол Эмерсон бөліспек.

ПОЛ ЭМЕРСОН, ХОРЕОГРАФ / АҚШ/:

 - Біз дәл осындай шеберлік сабақтарын әлемнің түкпір-түкпірінде ұйымдастырып жүрміз. Біздің хореографтар арасында «билеуші ел» немесе «биші ұлттар» деген ұғым бар. Бұл аталмыш мемлекеттің халқы биге бейім, аса жақын деген мағынаны білдіреді. Міне, осы тізімге Орталық Азия елдерін жатқысуға болады. Себебі ондағы адамдар би өнерін жан-тәнімен түсіне біледі.

Шара барысында қатысушылар әсем қимыл техникасымен қатар би маркетингі, заманауи сандық өнер хореографияны фото және бейнесуретке түсіру әдістерін меңгеретін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер