Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасының мәдени ынтымақтастығы - Kazakh TV

Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы мәдени әріптестік жанданып келеді. Аталмыш мемлекеттің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпило Тандеки Мэттьюстің айтуынша, биыл бірнеше африқалық шығармашылық ұжымның Қазақстанға гастрольдік сапарлары жоспарланып қойылыпты. Өнерпаздар елімізге құрлық мемлекеттеріне ортақ апартеидке қарсы белсенді күрескер – Нельсон Манделаның 100 жылдық мерейтойын ұлықтау шараларының аясында келмек. Ұлы саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткерінің туған күнін кең көлемде атап өту мақсатында әлем бойынша түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылуда.   

КИЙТУМЕТЦИ СИЙПИЛО ТАНДЕКА МЭТТЬЮС, ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Қыркүйек айында оңтүстікафрикалық өнерпаздар Қазақстанға келіп, жергілікті әріптестерімен бірлескен концерт өткізуді жоспарлап отыр. Біздің республикада бай исламдық тарих пен мәдениет сақталып келе жатқандығын көбі біле бермейді. Елімізде Құран аяттарын ерекше мәнерде орындап жүрген танымал хор бар. Әншілердің өзіндік қайталанбас өнері қазақстандық қауымға аса қызықты болады деп ойлаймын. Хор алдағы қазан айында келеді. Жалпы халықтарымыздың мәдениеті мен өнерін жақындастыру – дипломатиялық қарым-қатынастың негізі болады деп санаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер