Ресейдің Түмен облысында қазақтардың XXII құрылтайы өтті - Kazakh TV

Ресейдің Түмен облысында қазақтардың XXII құрылтайы өтті. Дәстүрлі мерекеде қазақ халқының салт-дәстүрі дәріптеліп, әдет-ғұрпы әспеттелді. Жылына бір рет өтетін құрылтайға 5 мыңнан астам адам қатысты. Ашық аспан астында ондаған киіз үй тігіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Шараның көрігін ұлттық ойындар қыздырды. Жауырыны жерге тимеген балуандар боз кілемде күш сынасса, шабандоздар даланы дүбірге бөледі.

ЕСЕНҒАЛИ ЫБЫРАЕВ, РФ, ТҮМЕН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Биыл құрылтай екінші айналымға шықты. Өйткені ең бірінші мереке осы Голышманово елді мекенінде өткен.

РАЙСА СҰРАҒАНОВА, ТҮМЕН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Құрылтай деген жақсы ғой. Көпшілікпен жүресің, бәрін білесің. Қаншама халық, қаншама киім насихатталып жүр. Балалар оқу оқыды. Қызмет істеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер