Қазақ даласын шарлаған ағылшындар туралы кітап жарық көрді - Kazakh TV

Британиялық жазушылардың Ұлы дала елінің тарихына деген қызығушылығы зор. Тұманды Альбиондағы дүкен сөрелерінде және онлайн саудада «Томас, Люси және Алатау: Аткинсондардың Сібір және Қазақ даласындағы бастан кешкендері» атты биографиялық кітабы пайда болды. Кітап ержүрек ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон туралы баяндайды. XIX ғасырда ол жұбайы Люсимен бірге 7 жыл 7 ай бойы сапарлап, Сібір және Ұлы дала елдерін аралаған. Томас Аткинсон сол кезде  қойын дәптеріне табиғат көріністерін бейнелеп, жергілікті халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрі жайлы алған ақпаратын түртіп отырған.

ДЖОН МАССИ СТЮАРТ, КІТАП АВТОРЫ:

 - Кітапты жазу үшін бірнеше жыл бой зерттеу жүргіздім. Енді 80 түрлі суретпен бейнеленген кітапты басып шығарудың сәті туды. Туындыны кітапсүйер қауым жоғары бағалайды деп ойлаймын. 

Саяхат кезінде Аткинскондар ұлды болып, есімін жергілікті тау мен бұлақтың құрметіне Алатау Тамшыбұлақ деп қояды. Бүгінгі таңда Атскинсондардың ұрпақтары – Стив Браун және Пеппа Смит өздерінің арғы аталарын мақтан тұтып, олардың салтын сақтауға тырысып келеді.

ПЕППА СМИТ, ТОМАС АТКИНСОН ҰРПАҒЫ:

 - Менің қызым 10 апта бұрын ұлды болды және оның есімін Алатау деп қоюды ұйғарды. Егер адамдар неге олай деп сұрайтын болса, сәбимен аттас арғы атасы Қазақстанда туылған деп үлкен мақтанышпен айтатын боламыз.

Айта кету керек, бұл – саяхатшылар Томас және Люси Аткинскондар туралы жазылған екінші кітап.  2015 жылы британиялық журналист Ник Филдингтің «Ұлы даланың оңтүстігіне қарай: Томас және Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты» кітабы жарыққа шыққан. Ол кезде де туынды оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болған еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер