Стамбұлда Түркі халықтарының I өнер форумы өтті

Стамбұлда Түркі халықтарының Бірінші өнер форумы өтті. Оған еліміздің атынан атыраулық жас өнерпаздар қатысып, ән мен жырдан шашу шашты. Халық әндері және заманауи композиторлардың шығармаларымен қатар, биыл еңселі елордамыз Астана жайлы әсем әндер де орындалды. Сондай-ақ актерлер қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрптары туралы театрландырылған қойылым көрсетті.

АРАЙЛЫМ МОЛДАШЕВА, ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің мақсатымыз қазақ би өнерін, қазақ тілі мен әнін осы түрік елінде жүрген қазақ бауырларымыздың басын қосып, бір болып, ұмытып бара жатқан салт-дәстүрді өнеріміз арқылы жеткізіп, халықтың қошеметіне бөлену – біздің арманымыз еді. Сол арманға бүгін жетіп отырмыз.

ЕРОЛ ЙОЛЖУ, КӨРЕРМЕН:

-  Бүлдіршіндер біздің атамекен әндерін және басқа шет елдік әндерді орындап, өнер көрсеткені үшін, көңілді уақыт өткізгенімізге өте ризамыз. Мұндай мәдени бағдарламалар 2 елдің арасында үлкен көпір болып, екіжақты ынтымақты дамытады.