Павлодарда Халықаралық «Ertis Cinema» кинофестивалі өтті

Танымал актер, режиссер Шәкен Аймановтың туған жерінде «Ertis Cinema» қысқаметрлі көркем фильмдер мен деректі фильмдердің халықаралық кинофестивалі өтті. Байқауға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Беларусь, сонымен қатар Еуропаның, жалпы саны әлемнің 20-дан астам елінен 100 астам режиссер қатысты. Биылғы конкурсқа 207 өтінім келіп түсті, оның ішінен жас, болашағынан үміт күттіретін авторлардың 68 туындысы іріктеп алынды. Қазылар алқасы құрамына танымал қазақстандық актерлер, режиссерлер мен сценаристер енді. Жеңімпаздар «Үздік деректі фильм», «Үздік ойын фильмі», «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша анықталды. Павлодар тұрғындары мен қонақтары конкурстық жұмыстармен 4 күн бойы қала кинотеатрында таныса алды. Ал фестивальдің соңғы күні байқаудан тыс фильмдер көрермен назарына ұсынылды.

АСХАТ КУЧИНЧЕРЕКОВ, КИНОАКТЕР, КИНОРЕЖИССЕР:

 - Жастардың кинематографиядағы алғашқы қадамдары. Шәкен Аймановтың туған жерінде осындай шараның өткізілуі қала үшін және осы студенттер үшін де маңызды. Өмір бойы есте қалатын студенттердің бірінші жүлдесі болуы мүмкін.

ЛЮДМИЛА БАЮШЕВА, КИНОТАНУШЫ, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

 - Мен өзім үшін жаңа есімдер аштым. Ашық айтсам, мен қазірдің өзінде осы режиссерлардың жұмыстарына қарап, ұнағандарын есімде сақтап қалдым. Алда олардың шығармашылық жолын назарда ұстайтын боламын. Оған қоса, біз көрермендерімізге фильмдерді көріп қана қоймай, талқылауға қатысуды ұсынамыз.