«Астана Опера» театрында белгілі «Корсар» балеті жаңа желіде қойылды. 2 ғасырға жуық Адольф Аданның шығармалары әлемнің жетекші сахналарынан түспей келеді. Хореограф Алтынай Асылмұратованың айтуынша, қойылымның ерекшелігі – күрделі жетекші партияларды орындау жас артистерге тапсырылғаны. Солист тек техникалық дағдыларға ие болып қана қоймай, актерлік шеберлік жағынан да биіктен көрінуі тиіс. «Корсар» балетінде басты кейіпкерлерді сомдау аса құнды тәжірибе, ол артистің шеберлігін шыңдап, жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді, дейді жас артистер. Балетті қою барысында 3D проекциялар арқылы көрермен ағылшын ақыны Байрон өмір сүрген заманның атмосферасын сезінеді. Сахнаның безендірілуімен бірге, артистердің костюмдері де айрықша. Атап өтерлігі, «Корсар» балеті Байрон поэмасының желісімен қойылған.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл керемет, көңілді, жарқын, әсем өнер туындысы, біз оны Астананың 20 жылдығына және ұлы хореограф Мариус Иванович Петипаның 200 жылдық мерейтойына дайындадық. Осы ретте жастарды тартып, жетекші партияларда өзін-өзі сынауға мүмкіндік бердік. Жансерік Ахметов «Ленкедем» партиясын алғаш рет орындайды.

ЖАНСЕРІК АХМЕТОВ, «АСТАНА ОПЕРА» МЕМЛЕКЕТТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ:

– Бұл партияда сомдау өте қиын болды, өйткені мен бірінші жыл жұмыс істеп жатырмын, тәжірибем аз. Осындай үлкен сценаға алғаш рет шығып отырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер