«Алтын адам туралы аңыз: Ұлы дала құпиялары» деректі фильмінің тұсаукесері  Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы, АҚШ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Оңтүстік Африка елдерінде көрсетілді. 20-ғасырдағы ең танымал қазақстандық археологиялық олжалардың біріне  арналған кинокартина BBC World News телеарнасынан көрсетілді.

СЕРГЕЙ СТАНОВКИН, ВВС WORLDWIDE АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Меніңше, фильм әлемге Қазақстанның бай мәдениеті және тарихын паш етіп қана қоймай шет, мемлекеттерден туристер тартуға да зор мүмкіндік бермек.

Өткен жылы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен BBC телеарнасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, ауқымды аудиторияны еліміздің тарихи орындары Айша-Бибі және Қожа Ахмет Яссауи кесенелері жайлы қысқа роликтер түсіріп, таныстырды. Шағын фильмдердің бірі «Алтын адамға» арналды. Бұл хикая телеарна редакторларын қызықтырып, толыққанды деректі фильм түсіруге итермелесе керек. Өйткені, таспаны көрсету «BBC World News» телеарнасы командасының өз бастамасымен, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Шетел сарапшыларының пікірінше, қазақ халқы бай тарихи мұра құпияларын сақтайтын құнды архитектуралық ескерткіштер сақтап қалған.

ПИТЕР ХОММЕЛЬ, ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯ АРХЕОЛОГИЯСЫ, ӨНЕРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ:

 - Бұл мен үшін өте ғажап дүние. Меніңше, Қазақстанның және Орталық Азияның мәдениеті мен тарихын білу таным деңгейіңді арттырады. Бұл – жаһандық тарихты білу үшін өте маңызды.

Айта кетейік, фильмнің көрсетілімі халықаралық «Алтын адам шеруі» жобасының әлемдік мұражайларға саяхаты уақытына тұспа-тұс келді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер