Орталық Азияның кино индустриясында белсенді өсім байқалады. Эксклюзивті ұлттық өнімнің саны ғана емес, сапасы да артуда, - дейді сарапшылар. Бұл нарықтың түйткілді мәселелері Астанада өткен Еуразия кинофестивалі барысында талқыланды. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстанның кино индустриясы заманауи, бәсекеге қабілетті ойын киноларын шығаруға қауқарлы. Отандық мамандар осы бағыттағы жұмыстарға кірісіп кеткен.

ЕЛЕНА ЯЦУРА, ПРОДЮСЕР /РЕСЕЙ/:

  - Менің ойымша, Орталық Азия аймағының  көз алмай көруге тұрарлық  фильмдер шығару мүмкіндігі жеткілікті. Сіздерде бұл үшін тамаша жерлер мен өзіндік көзқарас бар. Кино – визуалды өнер. Сондықтан картина барынша қанық болуы тиіс.

ГУЛБАРА ТОЛОМУШЕВА, КИНОТАНУШЫ / ҚЫРҒЫЗСТАН/:

- Орталық Азияда динамикалық қазақ киносы, арт-хаустық қырғыз фильмдері әрдайым ерекшеленетін. Енді өзбек және тәжік киносы қарқын алуда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай.

Биыл Еуразия фестиваліндегі сан алуан киноны қырғыз тарапы ұсынды. Бұл ел 8 аталымның бірден  төртеуіне қатысқан болатын.

ГУЛБАРА ТОЛОМУШЕВА, КИНОТАНУШЫ / ҚЫРҒЫЗСТАН/:

«Орталық Азия керуені» атылымына Эрнест Абдыжапаровтың «Саякбай»  фильмі қатысты.  «А» класты жүлдегерлер көрсетілетін аталымда Темір Бірназаровтың  - «Ночная авариясы» көрерменге жол тартты. Басты байқауда Елизавета Стишованың «Сулейман тауы»  картинасы ұсынылды.

Соңғы картинаның оқиғасы Қырғызстанның Ош қаласында өрбиді. Ол жерде түрғындар үшін  киелі Сүлейман Тауы бар. Улук атты бала қиындыққа тап болған өзінің отбасының бақытқа кенелуін тілейді. 

Картина продюсерінің айтуынша, «Сулейман Тауы» - Қырғызстан, Қазақстан, Ресей , Польша және Румыния сынды 5 елдің сәтті  әріптестігінің нәтижесі.

ЕЛЕНА ЯЦУРА,  «СУЛЕЙМАН  ТАУЫ» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ:

 - Сюжет желісі 2 ересек әйел мен 1 бойжеткен төңірегінде өрбиді. Ол үшеуі бір ер адамның жүрегіне жол табуға таласады. Бұл бәсекелестікте барлық айла-тәсіл қолданылған. Мұндай фильмді көрермен ерекше ықыласпен тамашалайды.

«Стойкость» атты психологиялық драманы Өзбекстан ұсынды. Картина республиканың тәуелсіздікке қол жеткізуі жайлы. Сондай-ақ бұрынғы интернационал жауынгердің қиын тағдыры да қамтылған. Басты рөлді    Карим Мирходиев сомдайды.

КАРИМ МИРХОДИЕВ, КИНО АКТЕРІ /ӨЗБЕКСТАН/:

 - Сценарийді оқыған кезде маған тақырып бірден ұнады. Ол 80-ші жылдардың соңындағы Ауғанстандағы соғыс жайлы. Картина 3 дос туралы, өзінің борышын абыроймен атқарып, өмірден өткен жан жайында.  

Жарқын әрі ерекше. Ауқымды кинофестиваль аясында аймақ елдері ұсынған картиналар оның бай тарихы мен мәдениетін ғана емес, Орталық Азия кинематографиясының қарқынды дамуын көруге мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер