Қазақстан мен Қытай алғашқы бірлескен фильм түсіріуде. Қос ел кино майталмандары жұмыла кіріскен «Композитор» атты картина танымал сазгер Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. 500-ден астам ән мен әуен автордың соғыс жылдарындағы ғұмыры Қазақстанда өтіп, елімізде ол әріптесі Бахытжан Байқадамовпен табысады. 

БАЛДЫРҒАН БАЙҚАДАМОВА, БАҚЫТЖАН БАЙҚАДАМОВТЫҢ ҚЫЗЫ:

 - Менің әкем 1943 жылы кездейсоқта музыкант пен скрипкашыны жолықтырады. Чемоданда отырған адамдардың күйінен барар жерлері жоқ екендігін аңғарады. Сонда әкем оған қазақша, кейін орыс тілінде тіл қатады. Бірақ ол түк түсінбей ағылшын және француз тілдерінде жауап қайырады. Ал әкем ол уақытта  не ағылшынша не французшаға жоқ еді.  Бірін-бірін түсінбесе де оларға жәрдем қажет екендігін түсінеді. Сонда ол әлгі бейтаныс жандардға көмек қолын созып үйге ертіп әкелді.  

Кинотуынды қос бірдей ұлы музыканттың тоғысқан тағдыры мен достығы жайында баяндайды. Олар бірін-бірін әр уақытта қолдап сұрапыл соғыс жылдарының бар ауыртпашылықтарын бірге көтереді.

ХУ ЦЗЮНЬ, АКТЕР, СЯНЬ СИНХАЙ РӨЛІН СОМДАУШЫ АКТЕР:

 - Бұл фильм нағыз достықтың жаршысы болатыны сөзсіз. Өнер мен музыкада табысқан қос дарынның өмірде де сенімді серікке айналғанын сыр шертеді. Соғыс жылдарын бірге өткерген сәттері жүрек толғандырады.

ЮАНЬ ЦЮАНЬ, СЯНЬ СИНХАЙ ӘЙЕЛІНІҢ РӨЛІН СОМДАУШЫ АКТРИСА:

– Музыка мен кино – бұл біздің ішкі жан сезіміміздің айнасына айналған керемет өнер. Сянь Синхай өз туындыларында дәріптеген махаббат, достық пен үміт сезімдерін біз осы фильмде ашуға тырысамыз.

Лентаның түсіріліміне дайындық 2 жыл бойы жүрген. Осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар Яньан, Алматы, Санкт-Петербург сынды өзге де қалалардан сазгердің өмірінен сыр шертер мағлұматтарды тырнақтап жинаған. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстан аумағында түсірілген.

ШЭНЬ ЦЗЯНЬ, «КОМПОЗИТОР» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ:

 -  Қытайлық композиторға Қазақстанда көрсетілген көмек – қос ел халықтарының бірін-біріне деген жылы лебіздерінің белгісі. Бұл елдеріміздің арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысының көкжиегін кеңейе түсуге негіз болды. Сондықтан болашақ ұрпаққа үлгі болатын бұл достықтың қасиетін бағалай білуіміз қажет. Осының арқасында тараптардың өзара сауда-экономикалық және мәдени әріптестігінің әлеуетін барынша кәдеге жаратып, халық игілігіне пайдалану қажет. 

Сондықтан да фильмнің сәтті түсіріліміне 2 елде де үлкен көңіл бөлініп жатыр. Қазақстанның мәдениет министірлігі өкілдері кино туынды аспан асты елімен ынтымақтастыққа жан бітіретініне сенімді. Айта кетейік, «Композитор» фильмі үстіміздегі жылдың екінші жартысында жарыққа шығады деп күтілуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер