Қазақстанның байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Мереке қарсаңында  үздік тілшілер анықталып, марапатқа ие болды. Биыл 9-шы рет ұйымдастырылып отырған республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының қазылар алқасы алдына 200-дей журналист 800-ден астам еңбегін ұсынған болатын. Конкурс 10 аталым бойынша өткізілді. Ал «Ең үздік тележурналист – Халық дауысы» марапатын ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев табыс етті.

ТИМУР ҚАЗАҒҰЛОВ, ЕҢ ҮЗДІК ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ - «КӨЗҚАРАС» АТАЛЫМЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Мен өз жұмысыма сенімді болдым. Өйткені жобаға бар күшімді салдым. Партияны басқаратын біздің Президенттің осындай байқаулар ұйымдастырып, кішкентай қалалар, алыс ауылдардағы журналистерге көңіл аударғаны қуантарлық жағдай. Бұл әрбір тілшіні одан әрі ынталандыра түсіп, бойына нық сенім ұялатып, жұмысына нықты бағыт-бағдар береді деп ойлаймын.   

«Үздік газет журналисі», «Интернет-басылымның үздік журналисі», «Партия жаңа жобалары жайлы үздік мақала» аталымдары бойынша марапаттар да өз иелерін тапты. Байқауға «Нұр Отан» партиясы атынан арнайы 3 сыйлық тағайындалған еді. Ол сыйлықты Президенттің 5 бастамасының іске асырылуын жариялаған материалдар жеңіп алды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Өздеріңіз білесіздер, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену ғаламдық міндетін қойып отыр.  Және осы міндетке жету үшін көбіне БАҚ өкілдері, біздің тілшілердің атқарар ролі үлкен, маңызы зор. Өйткені сіздердің белсенді араласуларыңыздың, жұмыла жұмыс атқаруларыңыздың арқасында ғана қоғамды біріктіріп, мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерді дамытып, іске асыруға болады.

Ал 14 журналист "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды. Айта кетейік,  биылғы ұлттық сыйлық «Қазақ» газетінің 105 жылдығына орай ұйымдастырылған. Тағы бір жаңалық - «Елораданың 20 жылдығына арналған ең үздік материал» және «Үздік вайн» аталымдарының енгзілуі.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, «КАЗКОНТЕНТ» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 - «Үздік вайнер» аталымы бойынша қатысқан адамдарының жиынтығы шамамен 5 млн-ға жетеді.  Инстаграмм желісінде оларға 5 млн оқырман жазылған. Бұл, әрине, үлкен аудитория. Сол себепті біз оларды елемей тастап кетуге болмайтынын түсіндік. Бүгін олар, міне, қызыл алаңда жүріп өтетін журналистердің қатарында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер