«Астана Опера» театрында әйгілі «Турандот» операсының премьерасы өтеді

Ертең «Астана Опера» театрында әйгілі «Турандот» операсының премьерасы өтеді. Ұлы Джакомо Пуччинидің соңына қалдырған ақырғы туындысы бойынша қазақстандық суретші сценографтар Қытай ұлттық опера театрымен бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асырды. Итальяндық композитор бұл керемет партитураны 60 жастан асқан кезінде жазған. Бұл жұмыс оның «Богемия», «Тоска» және «Мадам Баттерфляй» сияқты шығармаларына ұқсамайды. «Турандот» операсында екі түрлі: мүлдем басқа музыкалық эстетика мен өмірлік көзқарастар тығыз байланыстырылған.

АЛАН БӨРІБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАС ДИРИЖЕРІ,  ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ:

─  Осы операны жазуға қадам басу үшін композитор көп жылдар бойы ізденісте болды, бұл туындыны талап пен ізденістің жиынтығы, қорытындысы деуге болады. Дж. Пуччини өзінен тартса да, оның әдемі әуендері жоққа шығарылмайды, олар өте көп және өте әдемі. Бұл 20 ғасырлық тәжірибелік операны аралық әсермен қарау ұсынылған.

Бірегей қойылымның қоюшы-режиссері атақты итальялық маман - Давиде Ливермор. Ол бір кездері Лучано Паворотти, Пласидо Доминго сынды майталмандар, басқа да көптеген белгілі және көрнекті артистермен жұмыс жасаған. Барлық режиссерлерге тән қасиет оның да бойында бар. Алдағы премьераның құпиясын ешқашан, ешкімге де ашпайды.

ДАВИДЕ ЛИВЕРМОР, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР /ИТАЛИЯ/:

  ─ Мен қойылымның ерекшеліктері мен құпиясын ашпаймын, бірақ керемет сценографияны,  жоғары деңгейдегі сахнаны атап өткім келеді. «Турандот» операсында жоғары кәсіби деңгейдегі ұжым жұмыс атқарады. Өз басым осы топта болғаныма және «Астана Опера» театрымен дуэтте жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.

«Турандот» операсы премьерасының қоюшы-дирежері – Алан Бөрібаев. Ол үшін Пуччинидің керемет туындысын тек орындап қана қоймай, қоғамға қарама-қайшы сезімдер мен үміттерді толық жеткізу,  композитордың бірегей туындысы үшін жұмсаған ауыр азаптары мен жан қиналысын ескеру аса маңызды.

ЖҰПАР ҒАБДУЛЛИНА, «ТУРАНДОТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАУШЫСЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ:

  ─  «Турандот» - менің түсінігімде, ұзақ жылдар бойы бәрі көрген суық және қатал өлімге толы сұлулық емес, мен үшін ол өте нәзік, биязы, оның барлық қозғалыстары аянышты кейіпкер.

Операның сюжеті - Карл Гоцийдің ертегілік драмасына құрылады, содан кейін Шиллермен ішінара қайта жазылған. Пуччини оған қосымша драма қосты. Басты кейіпкер - қытайлық ханшайым Турандот, өзімен некеге тұрғысы келетін әрбір адамға үш жұмбақ жасырады, егер олар дұрыс жауап бермесе өлім жазасына кесіледі. Сыннан сүрінбей ханшаның сұрақтарына дұрыс жауап берген Калаф ханзада, өз жұмбағын – есімін жасырады. Осындай ерекше сюжетке құрылған ертегі жақсылықпен аяқталады –  махаббат жеңіп шығады, бірақ операда өлім мен қайғылы оқиғаларға да орын берілген. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы Калаф ариясы тыңдаушысын қайран қалдырар әуен болып қалуда.