Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» жыр жинағының түп нұсқасы табылды

Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, публицист Мағжан Жұмабаевтың бірегей жинағы табылды. «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағының түп нұсқасы латын қарпімен жазылған. Қазақ әдебиетінің құнды кітабы 1912 жылы Татарстанның Қазан қаласында ағайынды Кәрімовтер баспаханасынан басып шығарылған. Тұңғыш өлеңдер жинағында  Мағжан ақынның сол кездегі ағартушылық сарындағы өлеңдері басылды. Ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген - «Шолпан» атты кітабы. Сирек кездесетін басылыммен Солтүстік Қазақстанның мемлекеттік мұрағатында танысуға болады. Сонымен қатар мұрағатта ақиық ақынның төлқұжаты мен өзінің қолтаңбасы бар 30-ға тарта құнды қағазы сақтаулы.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

─ Бұл кітап араб графикасымен қазақша мағынада жазылған. Оның аудармасын бізге осы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай аударып берді. Осында оның «Жазғы тұры», «Туған жерім - Сасықкөл», «Хәкім Абайға» деген өлеңдері бар екен.

Мағжан Жұмабаевтың кітаптары орыс, татар және түрік тілдеріне аударылды. Жақында өзбек тілінде таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Еске сала кетейік, 2018 жыл - ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұсынысымен  атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев  жылы деп жарияланды.