Деректі фильм – әлеуметтік өзгерістер жасаудың тиімді құралы. Белгілі америкалық продюсер және режиссер Лара Столман осындай пікірде. Кинодокументалист Алматыдағы «Go Viral» фестиваліне қатысу үшін Қазақстанға арнайы келді. Ол инклюзия мәселесіне арналған «Swim Team» картинасын ұсынды. Деректі фильм аутист жасөсіпірімдерден құралған жүзу командасының шынайы оқиғасына негізделген. Туынды әлем бойынша қоғамдық резонансқа ие болып, 13 жүлде алған болатын.

ЛАРА СТОЛМАН, ПРОДЮСЕР, РЕЖИССЕР /АҚШ/:

 - Мен жүзу командасы жайлы «Swim Team» деректі фильмін түсірдім. Ол Америка құрама штаттарының чемпионы болуға барынша талпынып жатқан аутизмге шалдыққан жасөспірімдер жайлы. Менің ойымша, фильмдер, әсіресе, деректі фильмдер маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша  диалог орнатуға сеп бола алады. Сондай-ақ  адамдарды сол мәселелердің шешімін іздестіруге үндейді. Мен мұнда кинематографистер  мен режиссерлерге арналған семинар өткізбекпін. Оларға деректі фильм түсіру техникасы жайлы айтатын боламын. Бұл жанр әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Оған әркімде деректі фильм түсіру мүмкіндігінің пайда болуы себеп. Өйткені біз қазіргі таңда, тіпті телефонға да деректі фильм түсіре аламыз.

Айту керек, бұл фильмнің Орталық Азияда алғаш көрсетілуі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер