Елордада «Абай кеші» қайырымдылық шарасы өтті - Kazakh TV

Елордада «Абай кеші» қайырымдылық шарасы өтті. Мәдени шара – атыраулықтар мен бас шаһар тұрғындары ұйымдастырып жүрген дәстүрлі кездесу. Жыл сайын қазақтың біртуар бас ақыны, жазушы, ағартушы, сазгердің шығармашылығын пір тұтушы, «абайтанушы» ғалымдар мен оқырмандар бас қосады. Жиналған қауым Ұлы Абайдың туындыларын жатқа оқып, әндерін шырқайды. Биылғы кеште Тәттімбет атындағы қарағандылық академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен комозитордың сазды еңбектері орындалды. Сондай-ақ шара аясында жас қылқалам шебері Әйгерім Оспанованың таңдамалы суреттерінің аукционы өтті. Игі істен жиылған қаржы қайырымдылық жобаларына жұмсалатын болады.

АЙМАН ЕСБОЛАЕВВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Абай кештерін ұйымдастыру ойы 2013 жылы, тіпті одан ертеректе келген болатын. Атырауда жүргенімізде шотландиялық жазушы Роберт Бернстің кештері ұдайы өтіп тұрды. Міне, сол кезде өзіміздің ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың шығармашылығына бойлап, ұлағатты өмірінен сыр шертетін кештерді неге ұйымдастырмаққа деген ойымыз жүзеге асып келеді. Кеш есігі кімге болсын ашық. Келген қонақтар қалауынша сүйікті туындыларын орындап, әндерін айтады. Немесе жай ғана тыңдап қайтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер